Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Алмашев Махаббат Рысбекұлы, сондай-ақ Хромтау ауданы ауыл шаруашылығы саласының мамандары К. Елеутов пен Н. Нағметова шаруа қожалықтарын аралады.
Аралау барысында қыстату кезеңіндегі жағдайлармен танысып, төрт түлік малдың жай-күйі мен жем-шөп қоры тексерілді. Қазіргі таңда шаруашылықтарда қысқы мал азығы жеткілікті көлемде дайындалған.
Мал қыстату науқаны қалыпты жағдайда өтуде.
Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының басшыларына мемлекет тарапынан көрсетілетін субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
