Құрметті Хромтау ауданының тұрғындары мен қала қонақтары!

Құрметті Хромтау ауданының тұрғындары мен қала қонақтары!
 3–5 ақпан аралығында Хромтау қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде футзалдан Қазақстан Республикасының Бірінші лига чемпионатының 8, 9 және 10 тур ойындары ұйымдастырылады.

Жарысқа қатысатын командалар:
 • Хромтау
 • Мақат (Атырау облысы)
 • Elim-Ai (Көкшетау)
 • Қызылорда
 • Kairat Futsal U-21 (Алматы)
 • EL ORDA (Астана)
 • Бәйтерек М (Орал)
 • Тараз-Омега (Тараз)

 Баршаңызды жерлестеріміз өнер көрсететін «Хромтау» футзал клубына қолдау білдіруге және жоғары деңгейдегі тартысты кездесулерді тамашалауға шақырамыз.