ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына және Ақтөбе облысы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қаңтардағы №28 шешіміне сәйкес, Хромтау қаласының әкімі сайланды.

2026 жылғы 12 қаңтардан бастап Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының әкімі болып Битанов Кеншилик Касенгалиевич сайланды.

Битанов Кеншилик Касенгалиевич 1991 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе облысы Хромтау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2010 жылы Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған.
2010–2021 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүйесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды, оның ішінде инспектор, бөлім басшысының орынбасары және бөлім басшысы болды.

2021–2022 жылдары Хромтау ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-құқықтық бағыттағы қызметтерді атқарды.
2022–2024 жылдары Хромтау ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды.
2024–2026 жылдары Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің орынбасары болды.

Жалпы еңбек өтілі – 13 жылдан астам, мемлекеттік қызмет өтілі – 4 жылдан асады.

Аудан әкімі жаңа сайланған қала әкіміне Хромтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға, абаттандыру мен тазалық мәселелеріне ерекше назар аудару жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді және жауапты қызметіне сәттілік тіледі.