
Алматы қаласында өткен 2015 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы «NOMAD WINTER CUP» халықаралық турнирінде «Хромтау» жасөспірімдер командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды.
Аталған жарыста хромтаулық жас спортшылар жеке номинациялар бойынша да үздіктер қатарынан көрінді:
Елеу Бақтияр – «Үздік ойыншы»
Лукин Георгий – «Үздік қақпашы»
Жақанов Жанабек – «Үздік жаттықтырушы»
Жасөспірімдерге алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!