
«AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық форумы аясында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов өңір үшін маңызды екі ірі жобаны іске асыру жөніндегі келісімдерге қол қойды.
Форум барысында әкім мен “АКМЭЗ” ЖШС директоры Бегімұлы Ғамзат Хромтау ауданында өндіріс инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жоба бойынша ресми келісім жасады.
Сонымен қатар, SUNGROW RENEWABLE ENERGY INVESTMENT PTE. LTD. (Sungrow Renewables) компаниясымен қуаттылығы 100 МВт болатын жел электр станциясын салу туралы стратегиялық келісім бекітілді. Бұл жоба ауданның энергия көздерін әртараптандыруға және жасыл энергетиканы дамытуға бағытталған.