ХРОМТАУ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ХРОМТАУ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

24 қараша күні Аудан әкімі, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия төрағасы Нұрхан Тлеумұратовтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздердің қолданылу тәртібін бақылау және оларды насихаттау мәселелеріне арналған комиссия отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан аудан әкімі Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, аудан аумағында рәміздердің сақталуы мен оларды заң талаптарына сай қолданылуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылауды күшейтуді тапсырды.

Күн тәртібі бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы Нұрсұлтан Қожабеков Мемлекеттік рәміздердің қолданылу жағдайына жүргізілген мониторингтің жалпы нәтижелерін баяндады. Мониторинг аясында аудан көлеміндегі білім беру, мәдениет және басқа да мекемелерде рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіру қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

Комиссия төрағасы Нұрхан Тлеумұратов жауапты мекемелерге рәміздердің мәртебесін арттыру, оларды ұқыпты пайдалану және насихаттау жұмыстарының сапасын күшейту жөнінде тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар барлық қала және ауылдық округ әкімдеріне бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді және бұл бағытта үлгі болуды міндеттеді.

Отырыста комиссия мүшелері өз пікірлерін білдіріп, Мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысында аудан әкімі хаттамалық негізде берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуді және атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты уақытылы ұсынуды жүктеді.