ХРОМТАУ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ХРОМТАУ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Хромтау ауданы әкімдігінде аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте күн тәртібіндегі екі негізгі мәселе қаралды.

Қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту шаралары туралы мәселе бойынша аудан әкімі жұмыс қарқынын арттырып, қалдықтарды басқару жүйесін кезең-кезеңімен жаңғыртуды тапсырды.

Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын жетілдіру туралы
Бұл мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Сәндібек Жаконов баяндама жасады.
Ол балалардың құқықтарын қорғау, ерте профилактика, тұрмыстық қауіпсіздік, мектептер мен әлеуметтік нысандардағы жағдайды бақылау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды баяндады. Аудан әкімі комиссия жұмысын күшейтіп, барлық мекемелер арасындағы үйлестіруді жақсартуды тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында Нұрхан Тлеумұратов көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.