ХРОМТАУДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫН САЙЛАУ БАСТАЛДЫ

ХРОМТАУДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫН САЙЛАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Хромтау аудандық №1 орта мектебінде орналасқан №477 сайлау учаскесінде Хромтау аудандық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына кезектен тыс сайлау басталды.

Сайлау учаскесі таңертеңгі сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Азаматтар белсенді түрде дауыс беруге келіп жатыр.

 Сайлауға алғаш болып келген аудан тұрғыны Бектұр Казиевке сайлау учаскесі атынан естелік сыйлық табыс етілді.