ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Құтқарушылар күніне орай ауданда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов, мекеме қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Мерекелік жиында аудан басшысы Нұрхан Тлеумұратов құтқару қызметінің маңыздылығын атап өтіп, төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап қалу жолында тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға ризашылығын білдірді.

— «Құтқарушы мамандығы – үлкен жауапкершілік пен ерлікті талап ететін асыл қызмет. Сіздер кез келген қиындықта ең алдыңғы шепте жүріп, өз өмірлеріңізді қатерге тіге отырып, өзгелерге көмек көрсетесіздер. Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын. Әрбір қызмет күніңіз сәттіліктер мен жетістіктерге толы болсын!», — деді аудан әкімі өз сөзінде.
Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге ауданның 90 жылдық мерекелік медалі және аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар саласында көп жылдық еңбегімен көзге түскен мамандардың қызметі ерекше атап өтілді.

🎶Салтанатты іс-шараны аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жалғастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт барысында патриоттық әндер айтылды.

👏Құтқарушылар күні – тек кәсіби мереке ғана емес, ел қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсету күні. Осындай батыл әрі жанқияр азаматтардың арқасында өңіріміздің әрбір тұрғыны өз қауіпсіздігіне сеніммен қарай алады.