👩🏻‍🏫 ҰСТАЗДАР – ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР!

👩🏻‍🏫 ҰСТАЗДАР – ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР!

✨Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар!» атты мерекелік шара өтті.

🌹Мерекелік кеш басталар алдында залдағы барша ұстаздарға бір-бірден гүл ұсынылып, ерекше ілтипат көрсетілді.

🎤Шара барысында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, білім саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Салтанатты кеш аясында ардагер ұстаздарға және білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек етіп жүрген мұғалімдерге «ауданның 90 жылдығы» төсбелгісі тапсырылды. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен облыстық білім басқармасының марапаттары табысталды.

🎶Мәдениет үйінің өнерпаздары мен «Наз» би ансамблі ұстаздарға арналған әсем ән-билерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

💐Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаздарға зор құрмет көрсетіліп, кәсіби мерекелері лайықты деңгейде аталып өтті.

👏Ұстаздар күні құтты болсын!