📌АСХАТ ШАХАРОВ ХРОМТАУ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

📌АСХАТ ШАХАРОВ ХРОМТАУ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

🔸Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Хромтау ауданына келіп, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарды және күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік нысандарды аралады.

🔹Алдымен өңір басшысы Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын аралап, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Аумағы 1,2 гектар болатын аллея орталық саябақ, екі шағын саябақ және спорттық-ойын алаңынан тұрады.

🌳 Асхат Шахаров абаттандыру барысын бақылап қана қоймай, ардагерлер кеңесі мен еріктілермен бірге ағаш отырғызу жұмысына қатысты. Әкім жобаның қала тұрғындарының демалысы үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

🏫 Бұдан соң облыс әкімі №4 Хромтау орта мектебіне барды. 1640 оқушы білім алатын білім ордасында биыл 483,8 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Жоба аясында ғимараттың қасбеті жаңартылып, шатыр ауыстырылды, есік-терезелер толық жаңартылып, сынып кабинеттері қайта жабдықталды. Қазіргі таңда тек сыртқы футбол алаңын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

📝 Асхат Шахаров оқу кабинеттерін аралап, оқушылармен әңгімелесті. Әсіресе Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған кабинетте жастардың дайындық деңгейін көріп, олардың білімге деген ынтасын жоғары бағалады. Әкім ұстаздар ұжымымен кездесіп, жаңартылған мектеп балалар үшін жайлы жағдай жасап отырғанын атап өтті.