⚜️ҚЫЗЫЛСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ІЛКІМДІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

⚜️ҚЫЗЫЛСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ІЛКІМДІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

🔹Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапары барысында Қызылсу ауылдық округіне барды. Өңір басшысы ауылдың әлеуметтік және мәдени нысандарының қазіргі жағдайымен танысып, жергілікті халықпен кездесті.

🏫 Алдымен облыс әкімі Қызылсу орта мектебіне барды. 1984 жылы салынған білім ордасы өткен жылы толық күрделі жөндеуден өтті. Мектептің оқу кабинеттерін, спорт және технологиялық сыныптарын аралаған әкім ауыл балаларының сапалы білім алуына жасалған жағдайды жоғары бағалады.

🔸Одан кейін Асхат Шахаров Қызылсу ауылдық медициналық пунктіне барды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жөндеуден өткен нысан бүгінде қайта пайдалануға берілген. Өңір басшысы медициналық қызметкерлермен тілдесіп, тұрғындармен сұхбаттасты. Жергілікті халық медициналық қызметтің жақсарғанына ризашылықтарын білдірді.

🏛️ Сапар соңында облыс әкімі Қызылсу ауылдық мәдениет және спорт үйінде болды. 1968 жылы салынған нысан биыл толық күрделі жөндеуден өтті. Жаңарған мәдениет және спорт үйінде тұрғындармен кездескен әкім олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жергілікті халық ауылдың көркейіп, әлеуметтік нысандардың жаңарып жатқанын қуанышпен атап өтті.

🔹Жұмыс сапары қорытындысында облыс басшысы Қызылсу ауылдық округінің әлеуетін жоғары бағалап, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен ауыл шаруашылығын қолдау халықтың әл-ауқатына оң ықпал ететінін жеткізді.