🔸Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Хромтау ауданына жасаған жұмыс сапарын Бөгетсай ауылдық округінде жалғастырды. Өңір басшысы мұнда әлеуметтік және спорттық инфрақұрылым бағытында іске асырылып жатқан жобалармен танысты.
🚧 Алдымен әкім жуырда құрылысы аяқталған ауылға кіреберіс көпірді қарап шықты. Ұзындығы 209 метр болатын жаңа көпір тұрғындар үшін қолайлы қатынасты қамтамасыз етеді. Асхат Шахаров нысанның сапасы мен қауіпсіздік талаптарына назар аударып, оны күтіп ұстау жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
🎢 Бұдан кейін өңір басшысы ауыл орталығында салынып жатқан саябақ алаңына барды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тұрғындардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба Бөгетсайдың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған. Саябақта балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары бой көтеріп, ауылдың жаңа келбетіне айналмақ. Әкім ауыл азаматтарының белсенділігі мен бірлігін ерекше атап өтті.
⚽️ Сапар соңында Асхат Шахаров жаңадан салынып жатқан үлкен футбол алаңының құрылыс барысымен танысты. Құны 96 млн теңгені құрайтын спорт нысаны 2025 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Әкім мердігер компания өкілдеріне жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды ескертті.
🔹Кездесуде ауыл ақсақалдары соңғы жылдары елді мекенде атқарылған жұмыстарға тоқталып, спорт кешенінің ашылуы, көпір құрылысы және жаңа саябақ пен үлкен футбол алаңының салынуы ауылдың дамуына тың серпін бергенін жеткізді.
✅ Өз кезегінде облыс әкімі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға зор ықпал ететінін жеткізді.