📌Алдымен өңір басшысы Асхат Шахаров пен аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов өткен жылы пайдалануға берілген Тасөткел ауылының медициналық пунктінің жұмысымен танысты. Аудандық аурухана басшысына медициналық қызметтің ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
🏛 Келесі нысан — ауыл клубы. 1961 жылы салынған ғимарат биыл толық жөндеуден өтті. Ішкі әрлеу жұмыстары жаңартылып, жылу жүйесі ауыстырылды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы жағдай жасалды. Клуб жанындағы саябақ та абаттандырылып, тұрғындардың демалысына қолайлы орынға айналды.
👏 Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар облыс әкіміне ауылдың жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын айтып, жаңа медпункт пен мәдениет ошағының ашылуын оң бағалады.
🏫 Сапар соңында Асхат Шахаров Тасөткел орта мектебінде болды. 105 оқушы білім алатын бұл оқу орнында арнайы пән кабинеттері, спорт залы және кітапхана бар. Дегенмен мектептің сыйымдылығы жеткіліксіз болғандықтан, қосымша ғимарат қажеттігі көтерілді. Әкім тиісті басқармаларға қосымша жапсарлас құрылыс салу мәселесін жеделдетуді тапсырды.
⚡️Асхат Шахаров сапар қорытындысында әлеуметтік нысандардың сапалы жұмыс істеуі — тұрғындар әл-ауқатының басты кепілі екенін атап өтті.