💭 Гүлсезім ЖАКУДА, Дөң мектеп-гимназиясының директоры

💭 Гүлсезім ЖАКУДА, Дөң мектеп-гимназиясының директоры

⚜️ Бүгінгі Жолдау еліміздің даму жолындағы жаңа кезеңді айқындап берді. Президент цифрлық трансформацияны, экономиканы әртараптандыруды және саяси жүйені жаңғыртуды басты міндет ретінде атап өтті.

🔹 Цифрлық даму – білім саласына да тікелей ықпал етпек. Жасанды интеллектіні енгізу, цифрлық код, смарт-жобалар мен Big Data мүмкіндіктері оқу-тәрбие процесін жандандырып, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін арттыруға жол ашады. Бұл ұстаздар үшін жаңа әдістемелерді игеріп, оқыту сапасын жақсартудың тиімді тетігі болмақ.

🔸 Экономикалық жаңғыру – болашақ түлектердің еңбек нарығына бейімделуін талап етеді. Президент айтқан индустриалдық кластерлер мен IT-экспортты дамыту — мектепте STEM-білімді күшейтуге, кәсіптік бағдарды жүйелі жолға қоюға себеп болады. Бүгінгі жас — ертеңгі экономиканың тірегі, сондықтан сапалы білім беру арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуіміз қажет.

🔹 Саяси өзгерістер – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Парламенттік жүйедегі жаңа қадамдар мен демократиялық мәдениетті дамыту жас буынның ел болашағына белсенді араласуына мүмкіндік береді. Бұл мектептегі тәрбие жұмысының маңызды бағыты – «Адал азамат» бағдарламасымен үндес.

▫️Қорытындылай келе, Жолдаудағы білім саласына қатысты ойлар тек сапалы білім беруді ғана емес, сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен заманауи технологияны үйлестіре отырып, жаңа буынды ел дамуына белсенді қатысуға даярлау міндетін қойып отыр.

#Жолдау2025 #ЖасандыИнтеллектДәуіріндегіҚазақстан