🔹 Мемлекет басшысының «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс» деген сөзі – білім беру жүйесіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
🔹 Қазіргі заманда жасанды интеллект күнделікті өмір мен түрлі салада кеңінен қолданылып жатқанын ескерсек, бұл бастама дер кезінде көтеріліп отыр.
🔹 Мектеп оқушыларына ІТ, алгоритм, цифрлық сауаттылық қана емес, жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу мәдениетін, жауапкершілігін де үйрету аса маңызды.
🔹 Бұл бағыттағы жұмыс мектептерде арнайы курстар, жобалық жұмыстар, пәндік интеграциялар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
📌 Біз өз тарапымыздан мұғалімдердің цифрлық құзіретін арттырып, оқушыларды болашақтың технологияларына бейімдеуге дайынбыз.
#Жолдау2025 #ЖасандыИнтеллектДәуіріндегіҚазақстан