Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Хромтау ауданы – еліміздің тау-кен өндірісінің жүрегі, Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің экономикасына қажет хром рудасын өндіретін басты аймақ. Бүгінде ауданымыздағы шахталарда еңбек етіп жүрген шахтерлердің маңдай терімен еліміздің индустриялық қуаты артып, экономикамыздың өркендеуіне зор үлес қосылуда.
Шахтер мамандығы – батылдық пен төзімділікті, шыдамдылық пен ерлікті талап ететін ерекше кәсіп. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз ауданымыздың дамуының, облысымыздың өркендеуінің, еліміздің абыройының кепілі болып табылады.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген шахтерлерге және осы саланың ардагерлеріне алғысымды білдіремін. Сіздердің ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз жас ұрпақ үшін әрқашан үлгі болып қала береді.
Құрметті шахтерлер мен сала ардагерлері!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен шаттық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрбір жұмыс күніңіз берекелі болып, еңбектеріңіз жемісті болсын!!
Ізгі тілекпен, Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов