2025 жылғы 26 қазанда өткен Хромтау аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда өткен Хромтау аудандық мәслихатының

шығып қалған депутаттарының орнына сайлау

қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 26 қазанда өткен Хромтау аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 2025 жылғы 26 қазанда №2, №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Хромтау аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Сайлаушылар тізіміне 4317 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2265 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 17 қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 6. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Хромтау аудандық мәслихат депутаттарын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді: № 2 сайлау округі бойынша Бегалиев Адилхан Шинбергенович үшін сайлаушылардың 221 дауысы берілді, Беркимбаев Аргын Камидуллинович үшін сайлаушылардың 754 дауысы берілді, Тулкибаев Аскат Жукешович үшін сайлаушылардың 198 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8. № 8 сайлау округі бойынша Бекмуратов Нурсултан Маликович үшін сайлаушылардың 230 дауысы берілді, Зейноллаев Алмат Тұрсынбекұлы үшін сайлаушылардың 158 дауысы берілді, Тургумбаева Акмарал Маратовна үшін сайлаушылардың 679 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 6. Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Хромтау аудандық мәслихатының депутаттары болып: № 2 сайлау округі бойынша - Беркимбаев Аргын Камидуллинович, 1973 жылы туған, «NurAsEnergy» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры, Хромтау ауданының тұрғыны; № 8 сайлау округі бойынша - Тургумбаева Ақмарал Маратовна, 1981 жылы туған, «№7 Хромтау мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Хромтау ауданының тұрғыны сайланды. Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Дата публикации
28 октября 2025