Хромтау ауданы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы хабарлама

Хромтау ауданы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы хабарлама

Хромтау ауданы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы 2025 жылғы 26 қазанда Хромтау ауданында 2 сайлау округтерінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды. Сайлау науқанының барысында 6 кандидат ұсынылды. Оның 2 - саяси партиялар, 4 - өзін-өзі ұсынды. Ұсынылған кандидаттар ішінде 5 – ер адам және 1 – әйел адам. 2 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 4 - кандидат партияға тиесілігін көрсетпеген. Орташа жасы - 38 жас. Барлық ұсынылған кандидаттардың ұлты қазақ. 4 кандидаттың жоғары білімі, 2 – кандидаттың орта кәсіптік білімі бар. 3 кандидат - мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, 2 кандидат - коммерциялық құрылымда, 1 кандидат – басқа салада жұмыс жасайды. Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.30 қыркүйек сағат 18.00. Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 25 қазан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Дата публикации
26 сентября 2025