Хромтау ауданының ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хромтау ауданының төмендегі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын:
- Аққұдық ауылы әкімінің;
- Ақжар ауылдық округі әкімінің;
- Қопа ауылдық округі әкімінің;
- Табантал ауылдық округі әкімінің.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 17 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы Н. Хасанов
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова