Хромтау аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Хромтау ауданының Абай ауылдық
округінің әкімін
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Хромтау ауданының Абай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 21 қарашаға тағайындалсын.
- Абай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 23 қазаннан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Абай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 10 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Сағымбаев
Хромтау аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова
Хромтау қаласы,
2021 жылғы 22 қазан,
№ 30