Хромтау ауданы бойынша Көктау және Тассай ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен
тіркеу барысы туралы
2026 жылғы 13 қыркүйекке Хромтау ауданының Көктау және Тассай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында екі сайлау округі бойынша 9 кандидат ұсынылды. Оның 1 - саяси партиядан, 8 - өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттардың 9 – ер адам.
4 - кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 5 кандидат - партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жасы - 35 жас. Ұсынылған кандидаттар 1 этностың өкілдері.
9 кандидаттың да білімдері жоғары және 8 мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайды, 1 кандидат уақытша жұмыссыз.
Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 23 тамыз сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2026 жылдың 12 қыркүйек күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.