«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды.

Екі жыл ішінде «Таза Қазақстан» жобасы аясында ел бойынша 6,5 миллион адамның қатысуымен 1,5 мың экологиялық іс-шара өтті. Жобаға жастар белсенді қатысты.

Белсенді азаматтардың бастамасымен 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, мемлекет басшылары, өнер қайраткерлері мен спортшылар да бастаманы қолдап, ағаш отырғызуды игі дәстүрге айналдырды.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жоба қоғамды ортақ құндылықтар негізінде біріктіруге ықпал етіп келеді. Парламентте «Таза Қазақстан» қағидаттарын саяси партиялардың бағдарламалары мен жарғыларына енгізу туралы ұсыныс та айтылды.

Бүгінде жоба кең қоғамдық қолдауға ие болып, біртіндеп күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып келеді.