Еліміздің барлық мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын.

Еліміздің барлық мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын.

Еліміздің барлық мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтаса, 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

Білім беру саласындағы маңызды бастамалардың бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Жоба аясында еліміз бойынша 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Бүгінде «Келешек мектептерінде» 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Заманауи білім ордалары оқушыларға сапалы білім алуға, жан-жақты дамуға және қолайлы білім беру ортасында білім алуға мүмкіндік беруде.