
Келешек мектептері – білімнің жаңа кеңістігі
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қоғам дамуының басты тірегіне айналды. Осы бағытта елімізде қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім саласын жаңғыртуға бағытталған ауқымды әрі стратегиялық бастама ретінде ерекшеленеді. Оның негізгі мақсаты – әрбір балаға сапалы, қолжетімді және заманауи білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Жоба аясында еліміздің түрлі өңірлерінде жаңа үлгідегі мектептер салынуда. Бұл білім ордалары тек ғимарат ретінде емес, толыққанды білім беру экожүйесі ретінде қалыптасып келеді. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Заманауи кабинеттер, зертханалар, IT-сыныптар, робототехника орталықтары мен шығармашылық шеберханалар – білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың көрінісі.