
🩺 Ақтөбеде 13 балаға күрделі жүрек отасы жасалды
🏥 Ақтөбедегі көпсалалы облыстық балалар ауруханасында кардиохирургиялық көмекті дамыту бағытындағы ауқымды жұмыс жалғасуда. Өңірлік мастер-жоспар аясында бөлімше кеңейтіліп, кардиохирургиялық төсектер саны 8-ден 16-ға, ал кардиореанимациялық орындар 3-тен 10-ға дейін ұлғайтылды.
Жергілікті бюджет есебінен 547 млн теңгеден астам қаржыға заманауи медициналық жабдықтар, соның ішінде өкпені жасанды желдету және жасанды қан айналымы аппараттары сатып алынды. Жақын уақытта бұл база негізінде Батыс өңірі мен Қызылорда, Қостанай облыстарының балаларына қызмет көрсететін өңірлік кардиохирургиялық орталық ашу жоспарлануда.
📌 «Heart Center Foundation» қоры мен «University Medical Center» ұлттық жүрек орталығы мамандарының қатысуымен көшпелі клиникалық-білім беру сессия барысында 13 балаға, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 4 сәбиге күрделі кардиохирургиялық ота жасалды.
✅ Барлық операция сәтті өтті, науқастардың жағдайы тұрақты, қазір дәрігерлер бақылауында.
📚 Сондай-ақ өңір дәрігерлеріне оқыту жүргізіліп, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.