
Хромтау ауданында Ардагерлер кеңесінің кезекті пленум отырысы өтіп, ұйымның атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Маңызды жиынға аудан басшылығы, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, кеңес мүшелері, бөлім басшылары, ауыл әкімдері және сала мамандары қатысты.
Жиын барысында конференцияның төралқасы мен мандат комиссиясының құрамы сайланды. Делегаттардың қатысуымен өткен дауыс беру нәтижесінде ұйымның алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Конференция аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ардагерлер қауымдастығының қосатын үлесі мен жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі Н.Ж. Тілеумұратов ардагерлердің қоғамдық өмірдегі белсенділігіне тоқталып, алдыңғы толқын өкілдерінің тәжірибесі мен ақыл-кеңесі ел бірлігін нығайтуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Пленум қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ардагерлер – елдің алтын қазынасы. Олардың белсенділігі мен парасатты пікірі аудан дамуы жолындағы маңызды тірек болып қала береді.