ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Хромтау ауданында 1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай әлеуметтік маңызы зор игі шара жүзеге асырылып, тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы мемлекеттік саясат шеңберінде кезекті маңызды қадам атқарылды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жалдамалы тұрғын үйлер кілттері салтанатты түрде табысталды.

Аталған пәтерлер «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді.

Нақтырақ айтқанда:
– Әйтеке би көшесі, 57-үй, А корпусы бойынша 13 пәтер;
– Ағайынды Жұбановтар көшесі, 3-үй, Б корпусы бойынша 2 пәтер табысталды.
Жалпы саны – 15 жалдамалы тұрғын үй.

Салтанатты рәсім барысында тұрғын үй кілттерін аудан әкімі табыстап, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Тұрғын үйлердің құрылысын «ЖарСтрой LTD» ЖШС жүргізді. Құрылыс сапасы мен уақытылы орындалуы үшін аталмыш компанияның құрылысшылары аудан әкімі тарапынан алғысхатпен марапатталды.

Бұл шара – Алғыс айту күніне орай азаматтардың әлеуметтік қолдауына деген көңіл білдіру және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Тұрғын үйлер белгіленген талаптарға сай салынып, инженерлік-коммуникациялық желілерге толық қосылған. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.