Жаңартылатын энергия көздері: биыл Ақтөбе облысында екі бірдей жел электр станциясының құрылысы басталады

Жаңартылатын энергия көздері: биыл Ақтөбе облысында екі бірдей жел электр станциясының құрылысы басталады

Жаңартылатын энергия көздері: биыл Ақтөбе облысында екі бірдей жел электр станциясының құрылысы басталады

Өңірде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бастамалар Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасымен үндесіп, облыстың экологиялық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақтөбе облысында алдағы жылдары жалпы қуаты 450 МВт болатын бес бірдей жаңартылатын энергия жобасын іске асыру көзделіп отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырумен қатар, экологиялық ахуалын жақсартуға да мүмкіндік береді.

2025 жылы аталған жобалардың алғашқыларының бірі ретінде Хромтау ауданында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясының құрылысы басталады. Бұл жобалар – «Darmen Shuak» ЖШС және «Next Green Energy» ЖШС тарапынан қолға алынбақ. Жел энергиясын пайдалану арқылы өндірілетін электр қуаты өңірдегі халықты, өндірістік кәсіпорындарды сапалы және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар облыстың энергетикасын дамыту аясында 2028 жылға қарай 1475 МВт, ал 2030 жылға қарай 1535 МВт көлемінде электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштер – өңірдің өндірістік әлеуетінің артуымен қатар, энергетикалық қауіпсіздіктің нығая түсетінін білдіреді.