Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады

Алаяқтар  тактикасын  өзгертуде:  Жәбірленушілер  өздері байланысқа шығады

ҚазақстанРеспубликасы  Бас  прокуратурасы  Құқықтық  статистика және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі  комитетінің(бұданәрі -Комитет)Қылмыстыққауіп-қатердің  және  қоғамдық қауіпсіздіктіңтәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрітуралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.kommersant.ru/doc/8230736,https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-russia-new-fraud-scheme/,https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertv-samim-zvonit-im?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvana-samaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар  жаңа  шабуыл толқынын  іске  қосып,  жеткізу  қызметтері,  басқарушы  компаниялар  және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы қате»,  «домофонды  ауыстыру» немесе  «есептегіштерді  тексеру»  деген сылтауменқаскүнемдер азаматтарды олардыңөздерінқайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.Нәтижесінде,  ештеңеден  күдіктенбейтін  тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтікинженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.Мыналарды ұсынамыз:-сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;-ұйымдардың  ресми  сайттарында  көрсетілген  телефон  нөмірлеріне ғана қайта қоңырау шалу;-екі факторлы аутентификацияны пайдалану;-банк  карталарының деректерін,  SMS  арқылы  келетін  бір  реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

Дерексөз: Комитеттің Қылмыстыққауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы.