2025 жылғы 19-20 қыркүйек күндері Ақтөбе облысында ұлы ойшыл, көреген би, жырау Мөңке би Тілеуұлының туғанына 350 жыл толуына орай республикалық деңгейдегі ауқымды мәдени-танымдық және ғылыми шаралар өтеді.
Бағдарлама аясында:
- Ұлттық ат спорты – бәйге (19 қыркүйек, сағ. 10:00, Ипподром);
- - «Мөңке би» тарихи драмасының тұсаукесері (19 және 20 қыркүйек, 18:30, Т.Ахтанов атындағы театр);
- - Ескерткішке гүл қою рәсімі (20 қыркүйек, 09:30);
- - Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция – «Мыңжылдықты болжаған Мөңке би» (20 қыркүйек, «Өнер орталығы»,10:00);
- - Этноауылда ұлттық спорт түрлері, жыр мүшәйрасының қорытындысы және концерттік бағдарлама (20 қыркүйек, 12:30). Шаралар еліміздің рухани-мәдени мұрасын ұлықтауға, Мөңке би тұлғасын насихаттауға бағытталған.