Ақтөбеде ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтуде

Ақтөбеде ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтуде

Ақтөбеде ұлы Абайдың 180 жылдығы аталып өтуде
 

Таңертеңнен бастап Ақтөбеде ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталған бульварда «Абай күні» әдеби фестивалі өтті.
 
Мерекелік іс-шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімінен басталды. Ойшылдың рухына тағзым етуге облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет, қоғам өкілдері, ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері, студенттер және қала тұрғындары келді.

“Бүгін – Ұлы дала рухының шамшырағы, хакім Абайдың туғанына 180 жыл!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасын жаңа дәуір талабына сай жаңаша түсініп, ұлт ретінде кемелденуге бет түзеуіміз қажет екенін атап өтті.

Абай – қазақтың жүрегінде мәңгілікке жазылған есім. Ол – ойдың көкжиегін кеңейткен ақын, халықты оятқан ағартушы, әділдік пен адамдықтың жаршысы. Оның әр өлеңі – сезімнің сырлы үні, әр қара сөзі – өмірдің айнымас қағидасы.

Абайдың 180 жылдық мерейтойы жер-жерде тойланып жатыр. Мұндағы мақсат - айқын, Абай есімін ұлықтап, ұрпақ санасына оның мұрасын сіңдіру.

Бүгін Абай облысындағы Қарауылтөбеде киіз үйлер тігіліп, дүбірлі той өтуде. Тарихи тағылымды шараға облыс делегациясы белсене қатысып, өңіраралық рухани байланысты арттыруға үлес қосуда. Ақтөбеде де тағылымды кездесулер, рухани кештер, маңызды шаралар ұйымдастырылған-ды.

Абай – әрбір қазақ үшін рухани ұстаз. Мектеп қабырғасында оқып бастаған жырлары маған әлі күнге дейін өмірдің мәнін түсіндіріп, әрдайым әділ, парасатты болуға үндеп келеді.

Ұлы ақын мұрасы — біздің рухани темірқазығымыз. Бабамыздың сөзі мен арманы қазақ даласында мәңгі жасай берсін. Кемеңгердің сөзі барда, елдің рухы биік!”