Биылғы жылдың 10-18 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында жыл сайынғы жоспарлы ведомствоаралық «Бекет-2025» оқу-жаттығуы өтті.
Бұл оқу-жаттығу жергілікті атқарушы органдар, құқыққорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен өзге де ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын тексеруге бағытталған.
Оқу-жаттығу барысында оқу дабылымен күштерді көтеру, әскери және арнайы техникалардың колонналарын көшіру, сондай-ақ әртүрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдары пысықталды.
Шара кезінде алынған білім мен практикалық дағдылар құрылымдық және жауынгерлік даярлықты жетілдіруге, сондай-ақ елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына жауапты барлық органдардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға негіз болмақ.