
2025 жылы 27 мамырда
Ақтөбе облысының Мемлекеттік сатып алулар
басқармасының ұйымдастыруымен Электронды
коммерция орталығының, мамандарының
қатысуымен семинар өткізілді. Іс-шара мемлекеттік сатып алу туралы заң мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын тәжірибе жүзінде
қолдану және OMarket.kz электрондық сатып алу
жүйесін тиімді пайдалану максатында
ұйымдастырылды. Семинар жұмысына жергілікті
аткарушы органдар мен бюджет қаражатынан
қаржыландырылатын коммуналдык мемлекеттік мекемелердін, өкілдері қатысты. Шара барысында
қатысушыларта Omarket.kz платформасы аркылы
сатып алу рәсімдерін жүргізудің, ерекшеліктері, заңнама талаптары, сатып алудың түрлі тәсілдері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталы (www.goszakup.gov.kz) арқылы жұмыс істеу тәртібі кеңінен түсіндірілді.
Семинарда жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріліп, сатып алу кезінде орын алуы мүмкін құқық
бұзушылықтар мен олар үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік мәселелері де талқыланды. Іс-шара
сонында қатысушы 160 маманға арнайы
сертификаттар табысталды.
Мұндай семинарлар мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ салалық мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруге
бағытталған.