Құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық топтың кезекті отырысы

Құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық топтың кезекті отырысы

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.С. Қалауовтың төрағалығымен құрылыс саласындағы проблемалық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық топтың кезекті отырысы өтті. "Жилище" ТҚК құрамында болған 338 Б үйде жаңа ТҚК құру және осы объектіні пайдалануға енгізу мәселесі талқыланды. Отырысқа осы үйдің белсенді азаматтары қатысты, топтың негізгі құрамынан басқа Әділет департаментінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының және Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері шақырылды.