"Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Р. М. Омарованың қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Еңбек және атқарушылық тәртіптің, жұмыс уақыты регламентінің талаптарын сақтаудың, сондай-ақ қызметтік қатынастардағы харассментпен байланысты бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшылығына мемлекеттік қызметшілер арасында заңнама мен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді