«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

  «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы 1  мамыр - 1 маусым айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

     Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

     Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары Ізбасарова Нұршашқан Ғаниқызы келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 - (7132) 93-21-36.