Ақтөбе облысының Еркінкүш ауылына көгілдір отын келді

Ақтөбе облысының Еркінкүш ауылына көгілдір отын келді

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Ақтөбе облысы Алға ауданы Еркінкүш​ ауылында газ құбырының ашылуы өтті. Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалиннің және жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткен салтанатты іс-шарада 198 тұрғыны бар Еркінкүш ауылында газ құбыры іске қосылып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, Алға ауданының 98,1% тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде.