Ақтөбе облысының Сарыбұлақ ауылына газ тартылды.

Ақтөбе облысының Сарыбұлақ ауылына газ тартылды.

Ақтөбе облысында сенбі, 11 қыркүйек күні Қобда ауданы Сарыбұлақ ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілді. 640 тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мемлекет 279 миллион теңге жұмсады.

Газ құбырын іске қосу рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

"Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында ауылдарды газдандыру, оларды сумен және басқа да игіліктермен қамтамасыз ету бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, ағымдағы жылы өңірде газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға 5,9 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша көгілдір отын 14 ауылдың тұрғындарына қолжетімді болады. Бұл халықты газбен қамтуды 92,6% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.