КПТҮ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫ

КПТҮ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫ

2020 жылғы 7 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Қабылданған Заң аясында басқарудың тек екі нысаны қарастырылған:

  1. Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) – бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй - бір ММИБ - бір есепшот» принципіне негізделген заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым.
  2. Жай серіктестік (ЖС) - заңды тұлға құрмай, «бір үй – бір ЖС – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді.

Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі бойынша бір ММИБ немесе ЖС құруға құқылы.

ҮИК (ПИК), ҮИТК (ПИТК), ТК өз қызметін 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.

Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін ҮИК (ПИК), ҮИТК (ПИТК), ТК акт бойынша КПТҮ кеңесіне барлық қолда бар техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды беруі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуі тиіс.