Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

2021 жылғы 27 қаңтар күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қалауовтың төрағалығымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ-ның, облыстық басқармалар, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінің және энергия үнемдеу саласындағы мекеме өкілдерінің қатысуымен «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аумағында мемлекеттік саясаттың 2020 жылы іске асырылуы және 2021 жылға жоспарлар туралы» бейнеконференц байланыс режимінде кеңес өткізілді.

Кеңес барысында мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен (МЭТ) ақпарат жинау, МЭТ субъектілерінің міндетті энергия аудит рәсімін өту, МЭТ қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия сервистік келісімшарттарды түсіндіру, энергия үнемдеу аумағындағы жобалар бойынша сұрақтар талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қалауовпен жиынға қатысқан басқармаларға және Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар берілді.