Энергетиктер күнімен құттықтау!

Энергетиктер күнімен құттықтау!
Энергетиктер күнімен құттықтау
22 желтоқсан – Энергетиктер күні мерекесіне орай, Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Қалауов пен басқарма басшысы А.Қайыр облыстың энергетиктерін қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және өңір халқын жылумен, жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде ерен еңбек сіңіргені үшін облыс әкімдігі атынан алғыс хаттар табыстады.
Құттықтау барысында Н.Қалауов пен А.Қайыр энергетиктерге өз жұмыстарын шеберлікпен атқарып, абыройлы қызметтері үшін зор алғыс айтып, алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қоса беретіндеріне сенім білдірді.