Ойыл ауданының тағы екі ауылына газ берілді 🔥

Ойыл ауданының тағы екі ауылына газ берілді 🔥

Ойыл ауданының тағы екі ауылына газ берілді 🔥
Бүгін Ойыл ауданындағы Ақшатау және Қаракемер ауылдарына көгілдір отын салтанатты түрде іске қосылды. Осылайша, қазіргі таңда аудандағы 21 елді мекеннің 10-ы (47,6%) газбен қамтылды. Ал табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болғандар саны 11 052 адамға жетті (аудан халқының 68,7%-ы).
🏗 Аталған жоба Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тапсырысымен орындалды. Мердігер мекеме — «Влад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Салтанатты шараға энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Серік Айтпағанбетұлы Дәулетов, Ойыл ауданының әкімі Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
⠀💬 «Көгілдір отынның іске қосылуы — Мемлекет басшысының тапсырмаларының нақты нәтижесі. Бұл жоба ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, елді мекендердің дамуына серпін береді», — деп атап өтті аудан басшысы.