📚 Ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті

📚 Ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті

📚 Ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті

📍 Ақтөбеде Ұлттық кітап күніне орай «Астана» саябағында «Neo kitap: Жаңа буын. Жаңа көзқарас» атты кітап фестивалі өтті.

✨ Облыстық жастар ресурстық орталығы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

📖 Ашық алаңда өткен фестиваль кітапсүйер қауымды бір ортаға жинап, оқырмандар аймағы мен кітап жәрмеңкесі арқылы келушілердің қызығушылығын арттырды.

🎤 Кеш барысында жас ақындар өлең оқып, әсем әуендер шырқалды. Сонымен қатар, ақтөбелік жас жазушы Әлихан Жақсылық «Сені іздедім» атты кітабының таныстырылымын өткізді.

🎯 Шараның басты мақсаты - жастарды кітап оқуға ынталандыру және рухани дамуға бағыттау.