Үшжылдық бюджет нақтыланды

Үшжылдық бюджет нақтыланды

Үшжылдық бюджет нақтыланды

Сейсенбіде өткен облыстық мәслихаттың ХХIV сессиясына әкім Асхат Шахаров қатысып, күн тәртібінде 12 мәселе қаралды.

🔹 Алдымен мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева есеп берді. Былтыр 5 сессия өтіп, 100 шешім қабылданған, оның 29-ы — нормативтік акт, бірқатар стратегиялық құжаттар бекітілген.

Бұдан кейін сессияда облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №298 « 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың айтуынша, алдағы үш жылға бекітілген бюджеттің жалпы көлемі — 5,9 млрд теңге. Оның ішінде даму бюджетіне 1,4 млрд теңге қаржы қарастырылған. Атап айтсақ, құрылыс басқармасына — 192 млн теңге, энергетика басқармасына 182 млн теңге бөлу жоспарлануда.

🏗️ Қаражат өрт сөндіру депосын аяқтауға, ауылдарды ауызсумен қамтуға, өткізу пункттері жобаларына және тұрғын үйді жөндеуге жұмсалады.

Кәсіпкерлік басқармасына ШОБ-ты несиелеуге 1 млрд теңге бөлінеді.

🎓 Білім нысандарын жөндеуге құжат дайындау, оңалту орталықтарын жаңарту, спортқа көлік алу және чемпионат өткізуге қаржы қарастырылған.

🌾 Ауыл шаруашылығында несие мен лизинг мөлшерлемесін субсидиялауға 1 млрд теңге бөлінеді.

🚓 Полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да осындай көлемде қаржы қаралған.

Жедел жәрдеммен қамту деңгейі 62,4%, сондықтан лизингке 30 көлік сатып алу жоспарланып отыр.

Жиында әкім Асхат Шахаров бюджет қаржысын тиімді пайдалану және жобаларды жалғастырудың маңызын атап өтті.
💬 «Алда кезек күтіп тұрған шаруалар аз емес. Сондықтан ауызбіршілікпен алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында егіс егу жұмыстарын ойдағыдай жүргізіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, шағын және орта бизнесті дамытуда, ауылдарды сапалы ауызсумен, газбен қамтуда барынша нәтижелі жұмыс жүргізілуге тиіс. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, білім, денсаулық сақтау салаларында заңбұзушылықтарға жол бермеуіміз керек. Цифрландыру және жасанды интеллект жылында қауіпсіздік мәселесі де басты назарда болуы қажет», — деді Асхат Шахаров.