ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ТҰРҒЫНЖАЙ ҮШІН ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН СУБСИДИЯЛАУ

ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ТҰРҒЫНЖАЙ ҮШІН ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН СУБСИДИЯЛАУ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және азаматтар тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылғанын және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін мына санаттар бойынша растаған жағдайда:

-        бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

-        мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар көп балалы отбасылардың төлем алуға құқығы бар.

Субсидиялар жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға (жалдауға) төлеу мақсатында субсидия алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін өтеусіз негізде тағайындалатын өтемақы түріндегі мемлекеттік қолдау шарасы болады.

Ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау бюджет қаражаты есебінен 50% және алушы 50% теңгерімді негізде жүзеге асырылады.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігіне субсидиялауды тағайындау отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспаған кезде жүзеге асырылады.

 

Отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында есепті кезеңде алынған мынадай табыс ескеріледі:

- еңбекке ақы төлеу түрінде алынатын кірістер, атап айтқанда: еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, уақытына қарай, сондай-ақ сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар, сондай-ақ ақшалай нысандағы ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);

- кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.

 

2026 жылдың 1-ші қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі
50 851 теңгеге тең.

Қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғын үй өздері іздейді.

Өтініш беруші жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 ш.м. жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен астананың коэффициенттері негізінде есептеледі.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау https://hcsbk.kz/ сілтемесі бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтініштерді көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдері береді және көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында қаралады.