2025 жылғы 10 желтоқсандағы Ақтөбе облыстық мәслихаты «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» облыстық мәслихаттың
2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
№ 279 шешімі қабылданды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес:
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған адамдардың санаттары;
2) «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарын болжау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар;
3) жұмыс кәсіптерінің болжамды тізбесіне кіретін адамдар: сантехниктер, жүк көлігінің жүргізушілері, тракторшылар, техник-электриктер (жалпы бейін), электриктер және электр монтажшылар, электр беру желілерінен басқа, автобус жүргізушілері, фельдшерлер.
Соңғы жылдардың статистикасына тоқталатын болсақ.
2024 жылы Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттары 154 адамға 188,0 млн теңгеге, әлеуметтік қолдау түріндегі тұрғын үй сертификаттары 5 адамға 6,9 млн теңгеге берілген.
2025 жылы әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттары
5 адамға 6,9 млн теңге көлемінде берілді.
Толық ақпараттар төмендегі сілтеме арқылы қолжетімді: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V19C0006330