🔥Шалқар ауданының тағы үш ауылына газ берілді

🔥Шалқар ауданының тағы үш ауылына газ берілді

🔥Шалқар ауданының тағы үш ауылына газ берілді
 
📈 Осылайша аудан бойынша газдандыру деңгейі 88,5 пайыздан 92,1 пайызға дейін өсті. Ал табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болғандар саны 38,7 мың адамға жетті. Қазіргі таңда аудандағы 30 елді мекеннің 12-сі көгілдір отынмен қамтылған.

✔️ Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Бершүгір ауылдық округіне қарасты Бершүгір, Сарысай және Алабас ауылдарына көгілдір отын берілді. Жаңа инфрақұрылымның игілігін енді мыңдаған тұрғын көре алады.

🔧 Аталған жоба облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының тапсырысымен орындалды. Мердігер мекеме – «Ерзат» өндірістік кооперативі.

🎉 Салтанатты шараға энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Даулетов, аудан әкімі Жанболат Жидеханов және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Аудан басшысы құттықтау сөзінде бұл оқиғаның маңызына тоқталды.

🌟 «Бүгін – Бершүгір ауылдық округі үшін тарихи күн. Көгілдір отынның іске қосылуы – Мемлекет басшысының елді мекендерді газдандыру жөніндегі тапсырмаларының нақты нәтижесі. Бұл жоба ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді», – деді әкім.

📌 Айта кетейік, газдандыру жұмыстары өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтып, ауыл халқының тұрмысын жеңілдетуге бағытталған.