
2025 жылғы 15 шілдеде «ТКШ, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттік қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметін реттеп, тұрғын үй қорын басқару мен қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізуді көздейді. Мақсат — тұрғындарға таңдау мүмкіндігін беру, ашықтықты күшейту және басқару жүйесін жетілдіру.
Енді тұрғындар үйлерін басқарудың өзіне тиімді нұсқасын таңдай алады: МИБ құру, басқарушы компанияны немесе ПИК-ті таңдау. ПИК-ке әр үй үшін жеке шот ашу міндеттеледі — бұл қаражатты араластырмауға және оның жұмсалуын ашық көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңа заң бойынша МИБ, ПИК және басқарушы компаниялар басқару және техникалық қызметті қатар атқара алады. Бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Көп пәтерлі тұрғын үйді басқару саласындағы
нормативтік құжаттардың негізгі тізбесі
|
№ |
Белгілеу |
Атауы |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығы. |
«Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020284
|
|
2 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығы. |
«Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі айлық және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020283
|
|
3 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығы. |
«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020536
|
|
4 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 33 бірлескен бұйрығы |
«Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020557
|
|
5 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығы. |
«Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010528
|
|
6 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығы. |
«Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020542
|
|
7 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығы. |
«Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020245
|
|
8 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығы. |
«Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010571
|
|
9 |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 312 бұйрығы. |
«Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036721
|
|
10 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 165 бұйрығы |
«Кондоминиум объектісін басқарудың үлгілік шарттын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020330
|
|
11 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 бұйрығы. |
«Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020545
|
|
12 |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 149 бұйрығы. |
«Тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033796
|
|
13 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығы |
«Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020412
|
|
14 |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығы. |
«Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036942
|