
2025 жылғы 25 қарашада өңірге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері іссапармен келді. Сонымен бірге, ҚР ӨҚМ Құрылыс және ТКШ комитетінің мамандары онлайн режимінде кеңес өткізді.
Іссапардың негізгі мақсаты – жергілікті атқарушы органдарға, пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компанияларға «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету.
Бұдан бөлек, пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар арасындағы өзара жұмысты жетілдіруге қатысты мәселелер бойынша ICert халықаралық сертификаттау орталығының өкілі де қатысып, түсіндірме берді.
Жиын барысында тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар өз сұрақтарына жан-жақты жауап алды.